Левит Токио Олимпиадасында нокаутпен жеңілді
Қазақстандық боксшы Василий Левит Токио Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Qazaqpress.
Қазақстандық 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. 1/8 финалда ол испаниялық Эммануэль Рейеспен жұдырықтасты. Екінші раундта испан боксшысы Левитті нокаутқа түсірді.