Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына барды

Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

— Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді, — деп жазды Берік Уәли.