Екі апта бойы іздестірілген жезқазғандық қыз вокзалдан табылды

Екі апта бойы іздестірілген жезқазғандық қыз вокзалдан табылды

Екі апта бойы іздестірілген жезқазғандық қыз вокзалдан табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 28 маусым күні үйден кеткен. Келесі күні анасы полицияға хабарласқан.

Қыз Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды ​​және Нұр-Сұлтан қалаларынан да іздестірілді. Іздеу жұмысына волонтерлар да ат салысты.

— 12 шілдеде кешке Жезқазғаннан келген такси жүргізушісі клиент іздеп, Қарағанды ​​автобекетіне бас сұғады. Сол жерден іздеудегі қызды байқайды. Бойжеткен бірден Қарағанды ​​полиция бөлімшесіне қарасты Михайловский аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Бойжеткен полицияға денсаулығының жақсы екенін, ешкімге шағымы жоқ екенін әрі өзін еркінен тыс ешкімнің ұстамағанын айтты, — деді облыстық полиция.