Қазақстанда өткен тәулікте 3899 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Айта кетейік, коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд кеше, 11 шілдеде тіркелген болатын: 3695 жағдай. Бұл республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны бойынша тіркелген рекорд.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 950, Алматы қаласы – 638, Шымкент қаласы – 264, Ақмола облысы – 139, Ақтөбе облысы – 55, Алматы облысы – 85, Атырау облысы – 290, Шығыс Қазақстан облысы – 68, Жамбыл облысы – 66, Батыс Қазақстан облысы – 215, Қарағанды облысы – 603, Қостанай облысы – 92, Қызылорда облысы – 64, Маңғыстау облысы – 126, Павлодар облысы – 142, Солтүстік Қазақстан облысы – 31, Түркістан облысы – 71.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 458 724.
Сонымен қатар, кейінгі тәулікте 1491 адам коронавирустан айығып шықты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 725, Ақмола облысы – 40, Алматы облысы – 8, Атырау облысы – 109, Шығыс Қазақстан облысы – 72, Батыс Қазақстан облысы – 29, Қарағанды облысы – 328, Қостанай облысы – 48, Қызылорда облысы – 26, Маңғыстау облысы – 16, Павлодар облысы – 46, Солтүстік Қазақстан облысы – 12, Түркістан облысы – 32.
Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны – 413 498.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз