Балықшы Сырдария өзеніне батып кетті

Балықшы Сырдария өзеніне батып кетті

Балық аулауға шыққан 46 жастағы азамат Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға кеше, 7 шілдеде сағат 23.00 шамасында болды. 1975 жылғы азамат облыс орталығындағы «Рисмаш» аумағында Сырдарияға балық аулауға шығып, суға батып кеткен.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушысы 1 техникамен және суға жүзу қайығымен оқиға орнына барды. Іздеу шаралары нәтижесінде азаматтың мәйіті бүгін, 8 шілдеде сағат 6.05-те судан шығарылды», — деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.