Ақтөбеде 13 жастағы бала суға батып кетті

Ақтөбеде 13 жастағы бала суға батып кетті

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы Ор өзеніне 13 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Хабарлама ата-анасынан түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.

«Оқушы суға шомылып жүріп батып кеткен. Денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. Бала су қоймасында ата-анасымен бірге болған. Су айдындағы балалар өмірінің қауіпсіздігі көп жағдайда ата-анаға байланысты. Табиғи және жасанды су айдындарында демалғанда балаға судағы қауіпсіздік ережесін мұқият түсіндіру керек» — деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.