Алматыда әйелді көлік қағып кетті

Алматыда әйелді көлік қағып кетті

Алматы қаласында жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, оқиға «Байсат» базарының маңында болған.

«Жол-көлік оқиғасы 4 шілде күні түскі сағат 15:00 шамасында болды. «Mitsubishi» көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан жаяу жүргінші жарақат алды», — деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.