Қазақстанда 17 полиция қызметкері коронавирустан қайтыс болған, деп хабарлайды Qazaqpress.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында айтты.
«6500 полиция қызметкері коронавирус жұқтырып, ауырды… және 17 адам қайтыс болды. Біз барлық жерде жұмыс істедік. Блокбекеттер мен кезекшіліке тәулік сайын 12 мыңға жуық полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметкері шықты. Жұмыс 24 сағатқа, сегіз сағат сайын ауысымға бөлінді», — деді Ерлан Тұрғымбаев.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз