Коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жаңарды
Қазақстанда өткен тәулікте 70 адам пневмонияға шалдыққан, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 70 жағдайы тіркелді. Оған қоса 27 адам емделіп шықты», – делінген ведомствоның хабарламасында.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 56069, 944 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51608 жетті.