Талдықорған қаласында «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясы өтті

Талдықорған қаласында «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясы өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер қызметін одан әрі дамытып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жалпыұлттық жоба – «Қайырымды істер марафонын» өткізуді ұсынған болатын, деп хабарлайды Qazaqpress.

Жоба бағыты бойынша бүгін Талдықорған қаласында «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясы өткен болатын.

Шараға белсенді ерікті жастар ат салысып, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға азық-түлікпен көмекстесті.