қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ж.Мамайдың мәлімдемесі қаржылай шығынға батырды – NAK құрылыс компаниясының басшысы қоғам белсендісін сотқа беруі мүмкін

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Маусым 10, 2021
Ж.Мамайдың мәлімдемесі қаржылай шығынға батырды – NAK құрылыс компаниясының басшысы қоғам белсендісін сотқа беруі мүмкін

«NAK» холдингтік компаниясының бас директоры және құрылтайшысы Саламат Ахметов Жанболат Мамайдың видеосюжетіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaqpress Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

«Рахат» компаниясы зардап шеккен қызметкермен соттасқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Қара сөзбен доллар және рубльдің құнын анықтаудың түсіндірмесі

«Бәйтерек» ақыры «Қазақстан Жинақ банкін» сатып алмақ

С.Ахметов: Ең алдымен, біздің компанияның құрылыс нарығында 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өткім келеді. 15 жыл ішінде біз құрамына 40-тан астам әртүрлі компания кіретін ірі көпсалалы холдинг ретінде қалыптастық. Бүгінде мердігер ұйымдарды қоса есептегенде 2 мыңдай астаналықты жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Бұл – отбасы мүшелерімен қоса есептегенде 8 мыңнан астам адам.

Тек 2020-21 жылдың өзінде біздің холдинг 80 мың шаршы метрді пайдалануға берді, ал биылғы жылдың соңына дейін 40 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үйді қолданысқа енгіземіз. Клиенттеріміз біздің қолжетімді бағаға жоғары сапа ұсынатынымызды жақсы біледі және бағалайды.

Мамайдың «NAK» компаниясы» Бауыржан Байбектің бизнес-империясы», «Ахметовтер компаниясында оның қойған адамы отыр» деген жалған мәлімдемелері толықтай ойдан шығарылған және оған ешқандай негізі жоқ.

Біздің холдинг пен Бауыржан Байбектің және оның отбасы мүшелерінің арасында қандай-да бір қаржылық немесе құрылтайшылық қарым-қатынастың жоқ екендігін жауапкершілікпен мәлімдеймін.

Жалғыз-ақ, тек сонау 2012 жылы менің әкем Қуат Ахметов пен Қыдырғали Байбек Нұр-Сұлтан қаласында осы аттас бизнес-орталықтарды басқару бойынша «Нұр Тау» және «Нұрлы Орда» ЖШС-ларын құрған болатын. Бұл – ешқандай мемлекет қаражатын тартпай жүзеге асырылған коммерциялық жобалар.

Мамайдың «Байбек Ахметовтерге және олардың компанияларына қорған болып отыр» деген сөзі – ақылға сыймайтын бос сандырақ.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Біріншіден, жоғарыда айтып өткенімдей, біздің нарықта жүргенімізге көп уақыт болды және ешкімнің «қамқорлығына» мұқтаж емеспіз.

Екіншіден, Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болған кезде (2015-2019 жж.) сол қалада біз бір де бір жобаны іске асырмадық, бір шаршы метр де салмадық.

Үшіншіден, NAK холдингі – жеке коммерциялық ұйым, ол әрдайым нарық жағдайында жұмыс істеп келеді және жұмыс істей береді де. Яғни, объектілер салу үшін жер учаскелерін біз нарықтан әдеттегі шарттармен сатып аламыз.

Біздің сенімді компания деген беделіміз бар. Біз салған жайлы және бизнес-санаттағы тұрғын үйлер халықтың сұранысына ие.

Мамай атап өткен «Мәңгілік Елдегі» жер учаскесіне келсем, оны Kazakhstan Capital Invest атты жеке компаниямен бірге игеріп жатырмыз. Олар – жер учаскелерінің иелері, ал біз – қосалқы инвестор және бас мердігерлерміз. Біз осы жерде құрылыс жүргізіп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Кез келген құрылысшы өзінің салған үйлері елорданың бас көшесін көріктендіріп тұрғанын армандайды. Біздің холдингіміз үшін бұл – үлкен сынақ әрі жауапты іс.

NAK – әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компания. Қиындықтарға қарамастан біз локдаун кезінде қызметкерлерімізді қысқартпадық және жалақы төлеуді тоқтатқан жоқпыз.

Елорда әкімдігінің өтініші бойынша біз о басында оларды салуға ешқандай қатысымыз болмаса да 4 проблемалық үлескерлік құрылыс нысанын аяқтау бойынша өзімізге міндеттеме алдық. Бұлар – «Асыл Тау» (бұрынғы Территория Комфорта 1), «Тұран Сығанақ» (Сығанақ көшесінің бойында), «Хазар» (бұрынғы «Загреб» ТК), сондай-ақ «Royal Expo» (EXPO-2017 көрме орталығының аумағындағы ТК) кешендері.

Бүгінгі таңда алданып қалған 1,3 мың отбасы осы нысандардың құрылысының бітуін күтіп отыр. Бұл нысандардың бір бөлігін біз жыл соңына дейін береміз, үлескерлер көптен күткен пәтерлерінің кілтін алатын болады.

Мамай секілділердің түсінуі үшін мынаны айтқым келеді. Мұндай проблемалық нысандардың құрылысын бітіруді кім-көрінгенге сеніп тапсырмайды. Бұған қоса жұртшылық пен құзырлы органдар да мұны барынша бағып отыр.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Маңғыстаудағы жылқылардың қырылуы: министр кінәні әкімдіктерге жапты

Келесі жаңалық

How to begin a Dating Site

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

«Рахат» компаниясы зардап шеккен қызметкермен соттасқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды
Категориясыз

«Рахат» компаниясы зардап шеккен қызметкермен соттасқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Маусым 24, 2022
Қара сөзбен доллар және рубльдің құнын анықтаудың түсіндірмесі
Категориясыз

Қара сөзбен доллар және рубльдің құнын анықтаудың түсіндірмесі

Маусым 24, 2022
«Бәйтерек» ақыры «Қазақстан Жинақ банкін» сатып алмақ
Категориясыз

«Бәйтерек» ақыры «Қазақстан Жинақ банкін» сатып алмақ

Маусым 23, 2022
Иван Дорн Алматыда: билеттерді қалай алған тиімді?
Категориясыз

Иван Дорн Алматыда: билеттерді қалай алған тиімді?

Маусым 22, 2022
Мамырда қазақстандықтар 5,52 миллион долларға алтын сатып алды
Категориясыз

Мамырда қазақстандықтар 5,52 миллион долларға алтын сатып алды

Маусым 21, 2022
Синквейн деген не?
Категориясыз

Синквейн деген не?

Маусым 20, 2022
Келесі жаңалық

How to begin a Dating Site

Қазақстанда коронавирустың «ұлыбританиялық» және «оңтүстікафрикалық» мутациясы расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 1120 адам коронавирусқа шалдыққан

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Желтоқсан 7, 2020
Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Сәуір 14, 2022
Интернет-алаяқтар Фируза Шарипованы алдап соқты

Интернет-алаяқтар Фируза Шарипованы алдап соқты

Желтоқсан 21, 2021

Топ жаңалықтар

  • Әуежай экскурсия ұйымдастырды

    Әуежай экскурсия ұйымдастырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанның 12 өңірінде «Стелс-Омикрон» штамы анықталған

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда Pfizer вакцинасын 1 202 344 адам салдырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • «Рахат» компаниясы зардап шеккен қызметкермен соттасқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды
  • Алматылық дәрігерлер жаңа туған нәрестенің өмірі үшін 40 күн бойы күресті
  • «Тампа» үшін соңғы мүмкіндік пе? NHL финалына жасалған сарапшының болжамы

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.