қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ақсораң шыңында alma mater туы

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
Маусым 16, 2021
Ақсораң шыңында alma mater туы
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Алмаз Мырзахмет білім ордасының түлегі ретінде университеттің 25 жылдығына орай өзінің шағын жеңісін сыйға тартты. Бұл жайында қазақтың ХХІ ғ. жас ақын, жазушының өзінен білдік – деп хабарлайды Qazaqpress enu.press-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Абай ауданында Ертіске 15 жасар қыз батып кетті

Қарағандыда полиция бастығының орынбасары ұсталды

Алматы облысында полицейлер қызды ұрлады деген күдіктіні ұстады

– Ең әуелі өзіңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз?
– Қарқаралының қазағы, ЕҰУ докторантымын. Қаламмен доспын, бірнеше прозалық кітабым мемлекеттік тапсырыспен жарық көрді. «Қасым» республикалық әдеби-қоғамдық журналында ашылғаннан бері жұмыс істеп келемін. Бүгінгі таңда Бас редакторының орынбасарымын. «Мағжан» атты баспам бар, сонда өз-өзіме кішігірім директормын. Дизайнерлік өнерім бар.
– Шығармашылық жолыңызды неден бастадыңыз? Шабыт толқынына не түрткі болды?
– Бірінші сыныпта көршінің қызына күнде тақпақ жазып, хат қылып жолдайтынмын. Оның апатайы мен менің апам бір сыныпта оқитын. Бір күні барлық хаттарды жинап алып, бүкіл үйге дауыстап оқып беріп жатыр. Мені мазақтағаны деп түсініп, қатты ұялғаным бар. Кітап оқуға құмарлық, әдебиетке қызығушылық, шығармашылық ауан сол кезден әлі күнге дейін жетелеп келеді. Есімді білгелі осы хәл. Сондықтан шығармашылықтың бастауы тектен келді деп ойлаймын.
Шабытқа өте қарапайым дүниелер түрткі бола салады. Ол құстың қанат қаққаны. Қанатынан үзіліп, қалбалақтап құлаған қауырсыны. Қауырсын қонған сәкі. Сәкіге келіп жайғасқан қос ғашық. Мәселе көре білуде деп ойлаймын.
– Оrtalyq.kz ақпарат порталына берген сұхбатыңызда – ҚарМУ-дың қазақ əдебиеті кафедрасының аға оқытушысымын – деген едіңіз, өткізетін сабақтарыңыз жайлы студенттер қандай пікірде?
– Студенттеріммен доспын. Әлі күнге дейін хабарласып, кездесіп, ой алмасып тұрамыз. Алды өзімнің әріптестеріме айналды. Мен «Әлем әдебиеті» пәнінен сабақ бердім. Пән студенттерге өте қызықты болды деп ойлаймын. Өзім де әр сабаққа асығып тұратынмын. Біз сабақтан бөлек «Бір аптада – бір роман» акциясын өткізіп, оны жылдар бойы үзбеген едік. Бұл бір жағы өзімді қамшылау, бір жағы студенттерді дамытуда орасан зор ықпалын тигізгенін қазір түсіндім. Ол кезде біздікі бір жағы қызығушылық, бір жағы бәсеке болатын. Нәтижесінде барлығымыз көл-көсір пайдаға қалдық. Студенттермен «Ұжымдық роман» жазып, оны кітап қылып шығардық. Ойланып отырсам, біз тек теориялық тұрғыда ғана емес, шығармашылық тұрғыда да көп жұмыстар атқарыппыз. Бұл әрбір студенттің өзін-өзі тануы, қоғамға сіңуі, сенімділіктің пайда болуы жағынан үлкен ролін атқарғанын атап өткім келеді.
– Жастарды демей-ақ қояйын, жастар ғана емес, үлкендер де шынайы өмірді виртуалды әлемге айырбастағанын байқап отырмыз. Сіздің пікіріңізше, қоғамды өнерге, шығармашылыққа баулу үшін не істеу керек?
– Виртуалды әлемнің қоғамның ажырамас бөлігіне айналуы – заман талабы. Алайда, оның жетегінде жүріп арзан дүниелерге үдере көшіп бара жатқанымыз да көзге көрінбейтін ақиқат. Қысқа, жарқ-жұрқ, мәнсіз ақпараттар көбейіп кетті. Танымалдылық бірінші орынға шықты. Құндылық сонымен өлшенетін болды. Әрине, таяқтың екінші ұшы да бар. Жылдам хабар, алыстың жақындауы жақсы. Тек соның тиімді жағын өз пайдамызға шешуді үйренуіміз керек. Қазақ өзі сөзді жақсы көреді. Әйтпесе, сол әлеуметтік желілерден дамыған елдер баяғыда-ақ жалыққан. Біз де жалығамыз. Уақыты келгенде қоғамдық формациялар өзгереді. Мен, мысалы, эстрада өлеңдерін тыңдай алмайтын жағдайға жеттім. Эстетиканың өзі экзотикаға айналып барады.
Шығармашылыққа баулу мектеп жасынан басталады. Бүгінгі таңда мектептердегі бейресми «аса маңызды емес сабақтар» тізіміндегі «Бейнелеу», «Ән-күй» сынды сабақтарға басымдылық беру керек. Ал шығармашылық шырағы жанған жан өзіне қажетті ортаны кейін тез тауып алады.
– Шығармашылық шыңы жуырда өзіңіз бағындырған Ақсораң шыңы сияқты, қазіргі таңдағы қазақ шығармашылығы қандай деңгейде деп ойлайсыз және қандай өзгертулер жетіспейді?
– Мен студенттеріме айтамын «жаза беріңдер» деп, жаза берсін. Жазылған дүние көп бола берсін. Мейлі, ол халтура шығар, мейлі алғашқы ізденіс. Олардың арасында шаһқар дүниелер көрінбей қалуы мүмкін, оған келісемін, бірақ, бұл құбылыстан ұтатынымыз – топырақ қалыңдайды. Иә, әдебиеттің топырағы қалыңдайды. Нашар шығармалар қарашірікке айналады. Ал топырақ қалың болмай, ол жерде бәйтерек өспейтіні анық. Мысалы, француз әдебиетін қараңызшы. Қанша жазушысы болды, олардың қанша шығармасы жазылды. Соншалықты оның әдебиет топырағы қалың. Сол топыраққа Аса Мәртебелі әдебиеттің алыбы Гюге тамыр жіберді емес пе? Және жазылған мәтіннің көптігінен стиль, жанр, ағым, бағыттар пайда болады. Қазіргі халтура дегеніміз жүз жылдан кейін ең түсінікті тіл болмасына кім кепіл бере алады?
Қазіргі, сіз айтып отырған «қазақ шығармашылығы», бұл жерде ұлттық шығармашылық әлеуетін емес, әдебиетін айтқыңыз келіп отыр-ау, жақсы дейгейде.
– Ал Ақсораң шыңын бағындыру ойы сізге қалай келді? Қорқыныш болды ма?
– Асхат Қажытай деген замандасымыз «Қазақстанды жаяу аралаймын» атты әуесқой туризмдік жоба бастады. Алғашқы сапары Қарағанды қаласынан Ақтоғайға дейін 333 шақырым жолды жаяу жүріп, Арқаның ең биік шыңы Ақсораңды бағындыру болды. Жолай қасиетті жерлерді, ауылдардың тұрмыс-тіршілігін таныстырады. Негізі жақсы жоба.
Ақсораң шығармашылық адамдары үшін аса қастерлі шың. Көптеген ақын-жазушылар бұл шыңды туындыларына арқау еткен. Биіктіктің символы іспеттес. Арқа деген жазық емес, атында тұрғандай көзге байқалмайтын биік жер ғой. Бір жерден бастау алатын Нұра өзені солтүстікке қарай, Тоқырауын өзені оңтүстікке қарай ағып, Балқашқа барып құяды. Осыдан-ақ байқауға болады. Соның дәл ортасындағы Ақсораң аспан тіреп тұрғандай шың. Арнайы дайындықсыз шыға алмайсыз. Мен, Асхат таудың етегіне жеткенде бір жағы қолдау болсын деп, бір жағы өз-өзіме деген сыни көзқарас, жалпы алғанда тауға шығып, 360 градустағы панарамалық көрініске көзімді суару үшін баруға бел будым. Және осы шыңды бағындырсам, жеңісімді қасиетті білім ордасы, Ақсораңдай Сарыарқадан әлемге асқақ қарап тұрған Еуразия ұлттық университетінің мерейтойына арнағым келді. Бұл бастамамды университет басшылығы қолдап, мерейтой қарсаңында университет туын қолыма ұстатты.
Менімен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан досым, «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мирас Асан жолға шықты. Жолдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Руслан Нұрбай, Бағдат Мүбәрак, одақтың Қарағанды облысындағы филиал төрағасы, жазушы Серік Сағынтай қосылды. Бас-аяғы жиырма адам шыңды бетке алдық. Тауға шығу маршруты аса күрделі болды. Намысты бермей, күш-қайратымызды жинап, шыңды бағындырдық. Тұтас Сарыарқаны құшағыңа алғандай сезімді кешу ғажап. Айтуға тіл жетпейді. «Шықшы тауға, қарашы кең далаға!» деген Қасым айтса айтқандай-ақ.
Жеңісімді сүйікті университетімнің мерейтойына арнадым. «Әлемнің шатыры – Памир, дала шатыры – Ақсораң» деген сөз бар. Университеттің туын биіктен түспесін деп сол шыңға шығардық. Ақсораңнан желбіреп Алатау, Атырау, Алтай асып, әлемге танылсын деп ырымдадық. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Білім қайнарынан сусындатқан қарашаңырақтың алдындағы бір парызым өтелгендей болды. Біз алмайтын асу жоқ! Бұл енді менің де ұраныма айналды.
– Сіздің пікіріңізше, Қазақстанда туризм қаншалықты дамыған?
– Шетелмен салыстырғанда кемшін тұстары жеткілікті. Бірақ, жоғарыда айтқан Асхат сынды жастардың бастамалары билік тарапынан қолдау тауып жатса, болашақта жақсарады деп ойлаймын. Әйтпесе біздің ұлан-байтақ еліміз әлемнің небір әдемі жерлерінен кем емес қой?!
– Ақсораң шыңын бағындырған кезде қандай жайттер ерекше есте қалды?
– Ақсораңға шығу, біріншіден, өз-өзіңді жекпе-жекке шақыру. Ең ауыр күрес – өзіңмен күрес емес пе? Шыңға шығу – шыңдалу деген сөз. Бұл жерде намыс, күрескерлік, мақсатқа жету, қиыншылықты жеңу мен кедергілерден өтуге үйрену, биікке ұмтылуға үйренесің. Қанша шаршап шықсаң да шың басындағы, межеге жеткендегі сезім бәрін ұмыттырады. Ең қызығы, тауға шығудан, түсуіміз қиын болды. Тік таудан түсу деген қиямет-қайым екен ғой. Және күннің ыстығы, шаршағандық, шөл сынды дүниелерді қосыңыз. Сондықтан, тау қаншалықты үлкен болса, оның көлеңкесі де соншалық ұзын екенін ұмытпауымыз керек екен.
– Сіз ЕҰУ докторанты екенсіз және қоржыныңыздағы тағы бір шағын жеңісіңізді Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына арнаған болатынсыз, студенттік шақтарыңызды аңсайсыз ба?
– Студенттік шақ – ең бақытты шақ. Мен бұл сөзді бұрындары ұстаздарымнан, ағаларымнан көп естіген едім. Соның айдай анық екендігіне бұл күні әбден көзім жетті. Ең бақытты, ең тәтті, ең таза, ең албырт кезең екен. Бояуы қанық, үні әуезді, әр сәті шекер. Және студенттік кезеңдегі әр қадам, үлкен өмірдегі бір белеспен теңеседі. Сондықтан ақырын жүріп, анық басқан да дұрыс. Жақсы, пайдалы дүниемен айналыссаңыз, ертең ол он емес-ау, жүз еселеніп алдыңыздан шығады. Өмірлік уәзіріңізге айналады. Соны есте сақтаңдар!
– Студенттік шағыңыздан бері университет өзгерді ме?
– Университеттің ең алғаш табалдырығын аттаған кездегі, әр бұрылыс, әр баспалдақ, әр аудиторияға кіргендегі, ол жерде ілініп тұрған суреттерді көргендегі сәтте құлағымды жарып жіберердей жүрегімнің лүпілдегенін ешқашан ұмытпаймын. Университет өзгермеді, біз өзгердік.

Білім ордасының білімін сіңірген білікті адам білгенімен бар әлеммен бөлісуге асық. Білім ордасының мерейін асқақтатып жүрген адам, елінің де даңқын асыратыны анық. Еліміздің талапты жастары тек шетелдің емес, өз жерінің де шыңдарын бағындыруда. Алмаз Мырзахмет сынды қоғам жаршыларының саны күннен күнге артып келе жатқаны болашақтың жүзін айқындап, үміт жалынын жандырады.

Әңгімелескен: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 3-курс студенті, Рамазан Есмағамбет

Tags: Алмаз МырзахметАқсораң шыңыЕҰУсұхбат
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Тоқаев ел азаматтарының құқығы туралы маңызды Жарлыққа қол қойды

Келесі жаңалық

Маңғыстаудағы жылқылардың қырылуы: министр кінәні әкімдіктерге жапты

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Абай ауданында Ертіске 15 жасар қыз батып кетті
Категориясыз

Абай ауданында Ертіске 15 жасар қыз батып кетті

Маусым 6, 2023
Қарағандыда полиция бастығының орынбасары ұсталды
Категориясыз

Қарағандыда полиция бастығының орынбасары ұсталды

Маусым 6, 2023
Алматы облысында полицейлер қызды ұрлады деген күдіктіні ұстады
Категориясыз

Алматы облысында полицейлер қызды ұрлады деген күдіктіні ұстады

Маусым 5, 2023
Ақтөбе облысында үш жасөспірімді ағыс алып кетті
Категориясыз

Ақтөбе облысында үш жасөспірімді ағыс алып кетті

Маусым 5, 2023
Қазақстанда өткен жылы теңіз жүк тасымалы 1,1 миллион тоннадан асты
Категориясыз

Қазақстанда өткен жылы теңіз жүк тасымалы 1,1 миллион тоннадан асты

Маусым 5, 2023
Павлодар облысында мүгедек ер адамды көшеде өлтіріп кетті
Категориясыз

Павлодар облысында мүгедек ер адамды көшеде өлтіріп кетті

Маусым 5, 2023
Келесі жаңалық
Маңғыстаудағы жылқылардың қырылуы: министр кінәні әкімдіктерге жапты

Маңғыстаудағы жылқылардың қырылуы: министр кінәні әкімдіктерге жапты

Ж.Мамайдың мәлімдемесі қаржылай шығынға батырды – NAK құрылыс компаниясының басшысы қоғам белсендісін сотқа беруі мүмкін

Ж.Мамайдың мәлімдемесі қаржылай шығынға батырды – NAK құрылыс компаниясының басшысы қоғам белсендісін сотқа беруі мүмкін

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Шымкенттік полиция қызметкері түсірген селфи. Тексеріс басталды

Күдіктімен селфиге түскені үшін полиция қызметкері жұмыстан босатылды

Желтоқсан 23, 2020
2022 жылы қазақстандықтар арасында фриланс қолданысы 142%-ке өсті

2022 жылы қазақстандықтар арасында фриланс қолданысы 142%-ке өсті

Ақпан 2, 2023
Алматыда қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгерді

Алматыда қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгерді

Наурыз 20, 2021

Топ жаңалықтар

  • Шойбекова Райкул Манапқызы

    Шойбекова Райкул Манапқызы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық дәрігерлер салмағы 10 кг асатын ең үлкен миоманы әйел жатырынан алып тастады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Инфаркт кезінде алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіні жайлы кардиолог мәлімдеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Абай ауданында Ертіске 15 жасар қыз батып кетті
  • Қарағандыда полиция бастығының орынбасары ұсталды
  • Тоқаев Ақордада актриса Самал Еслямованы қабылдады

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.