Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина алды?

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина алды?

2021 жылғы 7 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 247 776 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды Qazaqpress Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетсек, I компонентімен 2 247 776 адам егілсе, II компонентті 1 187 464 адам салдырған.

Тұрғындарды коронавирусқа қарсы егуде Алматы қаласы көш бастап тұр — 208 162 адам. Екінші орында Алматы облысы орналасқан – 138 997 адам. Қарағанды облысы – үшінші (112 483), Нұр-Сұлтан қаласы – төртінші (106 527) және Шымкент қаласы бесінші (93 227) орында келеді.