Алматы-Қорғас тасжолында екі адам көлікте жанып кетті

Алматы-Қорғас тасжолында екі адам көлікте жанып кетті

Алматы-Қорғас жолында екі адам көлікте жанып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2021 жылдың 3 маусымда сағат 17:59-да Алматы облысының ТЖД Еңбекшіқазақ ауданында «Алматы-Қорғас» автожолының 82 шақырымында жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері мен 1 техника шықты. Жақын жердегі өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 45 км құрады.

Өрт орнында, автокөлік салонында 2 жолаушының жанып кеткен денесі табылды»,- деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.