Қызылордада автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті

Қызылордада автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті

 

Қызылорда облысы Қазалы ауданында автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 2 мамырда сағат 12.00 шамасында Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде болды. Бұл жөнінде аудандық полиция бөліміне хабар келіп түскен.

«Тексеру барысында көше бойында автокөлік пен мотоцикл соқтығысқаны анықталды. Соның салдарынан 1 адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта 2 көлік те айып алаңына қойылды. Жан-жақты тексеру амалдары жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұдан бұрын қызылордалық ұрлаған көлігімен жол жиегінде аударылып қалды.