Алматы облысында Аshyq жобасы арқылы көптеген нысанның жұмысына рұқсат берілді
Алматы облысында Аshyq жобасы арқылы көптеген нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ashyq жобасы арқылы келесі кәсіпкерлік орындарының жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар:
— йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес клубтары;
— спа орталықтары;
— сауналар, бассейндер;
— PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютер клубтары (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда)
— Боулинг орталықтары;
— кинотеатрлар;
— театрлар мен филармониялар;
— шағын , меркелік залдарын, асхана сынды орындарды, фаст-фудтар мен тағам тез дайындалатын орындарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындар;
— облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
— бильярд — ойын клубтары;
— концерт залдары;
— ерікті қатысушылар;
— караоке (2021 жылғы 5 мамырдан бастап);
— «жасыл» аймақтағы шағын , мерекелік залдары (2021 жылғы 5 мамырдан бастап) (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр);
— көрмелер;
— океанариум;
— марафондар;
— көрермендермен спорттық іс-шаралар.
Қаулы бүгін шықты. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиевтің 2021 жылғы 1 мамырдағы №12 қаулысы 4 мамыр күні күшіне енеді.
Еске салсақ, біз бұған дейін Алматы облысының кәсіпкерлері Аshyq қосымшасымен жұмыс істей бастағанын хабарлаған болатынбыз.