Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болдыдеп хабарлайды Qazaqpress.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 769 адамның жағдайы ауыр;
• 184 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 125 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны — 52 942, өлім жағдайлары — 801, барлығы 51 650 адам сауығып шықты.