Алматы мешіттерінің ауласында жұма намаз оқуға рұқсат етілді

Алматы мешіттерінің ауласында жұма намаз оқуға рұқсат етілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматыдағы мешіттердің аулаларында жұма намазын оқуға қойылатын талаптарды жариялады — 23 сәуірдегі қаулысымен Бекшин ұжымдық қызметтерді ашық аспан астында өткізуге рұқсат берген, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының бас мемлекеттік Санитариялық дәрігері Ж.Бекшиннің 23 сәуірдегі №16 Қаулысында Діни нысандардың жұмысына қатысты: «Жеке және ұжымдық құдайға құлшылық етуге (Жұма намаздары, жексенбі қызметтері) тек діни нысандар аумағында (ашық ауада) толтырылуы 50%-дан және ұзақтығы 60 минуттан артық емес, әлеуметтік қашықтықты 1,5 метрден кем емес және маскалық режимді қатаң сақтай отырып, тиісті белгілерді орнатқанда ғана рұқсат етіледі», — деп көрсетілген.

Осыған орай, Алматы қаласы бас санитарының және ҚМДБ-ның Жұма намазы оқылатын мешіттерге қойған талаптары негізінде ҚМДБ төмендегі шарттарды орындауды сұрауда.

Алматы қаласы мешіттерінің ауласында жұма намазын өтуге қойылатын талаптар:

  1. Жұма намазын мешіт аумағында (ашық ауада) оқу;
  2. Жамағаттың мешіт ауласында намаз оқуына жағдай жасау, антисептиктер, маскалар қою;
  3. Мешітке міндетті түрде, бетперде тағып келу;
  4. Дәретті барынша үйден алып келу;
  5. Намаз оқитын жайнамаздарын үйден алып келу;
  6. Мешіт аумағында белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау;
  7. Намаз оқығанда арақашықтық 1,5 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу;
  8. Мешіт аумағында ұзақ уақыт қалмау;
  9. Дене қызуы 37°-дан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдардың мешітке келмеуі;
  10. Жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені дұрыс.
  11. Күнделікті мешіт ішіне және ауласына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу.