Тоқаев «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды

Тоқаев «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды. Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр», — деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетсек, Тоқаев вакцинаның бірінші компонентін 6 сәуірде салдырды.