Алматыда автобус бен тепловоз соқтығысты

Алматыда автобус бен тепловоз соқтығысты

Алматыда жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқыс оқиға бүгін 09:30 шамасында болған.

Жол апатының бейне көрінісі әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат бүгін, 27 сәуірде сағат 09: 30-да болған.

«№ 74 бағыттағы «Лиаз» маркалы автобусының жүргізуші Бекмаханов көшесімен батыс бағытта келе жатып темір жол өткелінде тепловозбен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ»,- деді Алматы қаласы ДП тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы тексеріс бастады.