Тараз қаласында нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазір ас атасы дүкен сөрелерінде 90 теңгеден сатылып жатыр. Осыған байланысты өндірістегі жағдай тексерілген.
Мамандар бұл жолы қымбаттауға негіз бар деген шешімге келіп отыр.
Бағаның өзгеруіне солтүстік өңірдегі бидай мен 1-сұрыпты ұнның қымбаттауы әсер еткен. Бидай 75-тен 95-ке, ал ұн 110-нан 125 теңгеге дейін өскен. Соңғы екі жылда нан бағасын ұстау мақсатында наубайханаларға тұрақтандыру қорынан 3,5 мың тонна ұн төмен бағамен беріліп келді. Соның арқасында аймақта 2 жыл бойы нан құны 85 теңгеден аспады.
«Облыста өндірілетін бидай сапасы сәйкес келмейтіндіктен нан бағасы солтүстік өңірден сатып алынатын ұн және бидай бағасына тәуелді болып отыр. Алдағы уақытта нан бағасы 90 теңге көлемінде болады. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен қосымша қаржы сұратылып, нан бағасын ұстау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатын болады»,- дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлебек Құлекеев.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз