Павлодар облысы «қызыл» аймаққа кірді

Павлодар облысы «қызыл» аймаққа кірді

2021 жылдың 26 сәуірдегі Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, облыстары орналасқан.

«Жасыл аймаққа: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.