Алматыда жалған доллар жасаумен айналысқандар сотталды

Алматыда жалған доллар жасаумен айналысқандар сотталды

Алматыда жалған АҚШ долларын жасаумен айналысқандар сотталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған АҚШ долларын сақтау және өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«2020 жылдың тамыз айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласының аумағында жалпы сомасы 4 200 доллар болатын 42 дана 100 АҚШ доллары номиналындағы жалған шетел валютасын сатумен айналысатын екі адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленіп, ұсталды», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыптаушылар деп танылғандар Қылмыстық кодекстің 231-бабы 2-бөлігі 2,3-тармағына сәйкес (жалған ақшаны немесе құнды қағаздарды дайындау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.