Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

«Жасыл» аймақта — Қостанай және Түркістан облыстары орналасқан.