Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.

— Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын, — делінген қаулыда.

Ол Бас прокурордың орынбасары қызметінен босатылды.