Алексей Цой әкімдіктерді сынға алды

Алексей Цой әкімдіктерді сынға алды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әкімдіктердің коронавирусқа қарсы күрес жұмыстарын сынға алды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетсек, үкімет отырысында Цой министрлік мамандары коронавирус жұқтырған науқастар саны көбеюіне байланысты аймақтарды аралағанын айтты.

— Сапар нәтижесінде бірқатар ескертулер анықталды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде диспансерлік топтағы науқатстарды бақылау және емдеу жұмыстары жеткіліксіз екені анықталды. Сондай-ақ, коронавирустың алдын алу және диагностикалау шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әлсіздігі байқалады, — деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.