Оралдағы той: қонақтар жертөледе тығылып қалған

Оралдағы той: қонақтар жертөледе тығылып қалған

Оралда мониторинг тобы үйлену тойын тоқтатты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Тексерушілер той банкет залының жертөлесінде өткенін анықтаған. Полиция мәліметінше, тойға қатысқандар жазаланады.

Сонымен қатар, полиция мәліметінше, 102-ге «Қоржын» мейрамханасында той болып жатқаны туралы хабар түскен.

— Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Ақпарат расталды. 20 адамға қатысты хаттама толтырылды. Олар процессуалдық шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберіледі, — деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Мониторинг тобының жетекшісі Мирхан Бердіғалиев Оралда сегіз мониторингтік топ тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

— Біз алтыншы шағын ауданда орналасқан «Қоржын» мейрамханасын тексердік. 10 сәуірде түстен кейін үйлену тойы өтті. Біз жергілікті полиция қызметкерлерін шақырдық. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу бұзылғаны тіркелді. Тойға қатысушылардың бәрінен түсініктеме алынды, — деді Мирхан Бердіғалиев.