Оралда ер адам бесінші қабаттан құлап кетті

Оралда ер адам бесінші қабаттан құлап кетті

Орал қаласында ер адам бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған оқиға Құрманғазы көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.

Сағат 13.56-да жасы шамамен 68-дегі ер адамның құлап кеткені жөнінде хабар түскен. Ол оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.