Атырауда жұмысына кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды

Атырауда жұмысына кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды

Атырауда жұмысына шығып кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 6 наурызда кешкі сағат 19:00 шамасында үйінен жұмысына шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 54 жастағы күзетші іздестіріліп жатқанын хабарланған болатын.

Күзетшінің жоғалғаны туралы полицияға 9 наурызда қарындасынан хабар түскен.

«Із-түзсіз жоғалған азаматтың денесі 26 наурызда сағат 20:00 шамасында Алмалы елді мекені маңындағы Бугорки саяжайы тұсынан, Жайық өзенінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты болмады» — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, өңірде жыл басынан хабар-ошарсыз кеткен 12 тұлға іздестірілген. Жоғалғандардың 9-ы табылған. Ал, 3-і әлі іздестіріліп жатыр.