Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте 22 адам пневмонияға шалдыққандеп хабарлайды Qazaqpress.

«Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 22 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 217 адам емделіп шықты», – делінген ведомствоның хабарламасында.

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар — 50 433, 682 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 47 645 жетті.