Доллар бағамы түсті

Доллар бағамы түсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 29 наурыздағы күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 423,22 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

Доллар бағамы демалыс күндерімен салыстырғанда 1,03 теңгеге құлдырады.

Kurs.kz мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 424,00 теңге, ал сатып алу – 422,48 теңге.

Нұр-Сұлтан қаласының ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 423,27 теңгеден сатады, 422,07 теңгеден сатып алады.