Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қазақстанда өткен тәулікте 1101 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 161, Алматы қаласы — 395, Шымкент қаласы — 11, Ақмола облысы — 53, Ақтөбе облысы — 40, Алматы облысы — 94, Атырау облысы — 48, Шығыс Қазақстан облысы — 29, Жамбыл облысы — 17, Батыс Қазақстан облысы — 61, Қарағанды облысы — 91, Қостанай облысы — 41, Қызылорда облысы — 4, Маңғыстау облысы — 2, Павлодар облысы — 33, Солтүстік Қазақстан облысы — 13, Түркістан облысы — 8.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 234 007.

Сонымен қатар, Қазақстанда кейінгі тәулікте 337 адам коронавирустан айығып шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 121, Шымкент қаласы — 1, Ақтөбе облысы — 12, Алматы облысы — 23, Атырау облысы — 18, Шығыс Қазақстан облысы — 12, Батыс Қазақстан облысы — 62, Қарағанды облысы — 47, Қостанай облысы — 1, Қызылорда облысы — 6, Маңғыстау облысы — 1, Павлодар облысы — 33.

Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны — 212 091.