Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақтан шықты
Денсаулық сақтау министрлігі 18 наурыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress.
18 наурыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі қаласы «қызыл» аймақта қалған.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы тұр.
«Сары» аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.