Жамбылдық полицейлер жоғалған 6 азаматты тапты

Жамбылдық полицейлер жоғалған 6 азаматты тапты

Жамбыл облысында ТМД елдерінің аумағы бойынша «Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, рейдтің көмегімен Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен алты азаматтың орналасқан жерін анықтады.

«ТМД елдерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде Жамбыл облысының аумағында екі қылмыскердің орналасқан жері анықталып, үшеуі Ресей мен Қырғызстан аумағында ұсталды. Мәселен, Қырғыз Республикасының Талас қаласынан 4 жыл бойы із-түзсіз жоғалып кеткен 39 жастағы Қазақстан азаматын анықталды» делінген полиция депараментінің хабарламасында.