Назарбаев Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Назарбаев Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

– Алматы қаласының әуежайында ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, қаза тапқан әскерилердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін, – делінген Елбасының жеделхатында.