Сағынтаев АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге барды

Сағынтаев АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге барды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан зардап шеккендерге барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress.

— АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, — деп жазды Сағынтаев Twitter желісіндегі парақшасында.