Алматыда 31 жастағы ер адам алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр

Алматыда 31 жастағы ер адам алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр

Алматыда 31 жастағы Бейбіт Никатов алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

— 1 наурызда ол үйінен жұмысына кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Телефоны сөндірулі, — дейді бауыры Абзал Арықбаев.

Бейбіт Никатовтың туыстары оның жоғалу дерегі бойынша полицияға хабар берді.

— Бұған дейін ешқандай да себеп дейтіндей оқиға болған жоқ. Ол — отбасына жақын адам, әйелі мен балалары күтіп жатыр. Ішпейді, шекпейді. Жеке компанияда менеджер болып жұмыс істейді. Ойда жоқта жоғалды, — дейді бауыры.