ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.
Ернат Мұхамадиев 1988 жылы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастаған. 2014-2016 жж. — ҚР БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды.
2016-2017 жж. — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры. 2017-2019 жж. — жекеменшік ұйымдарда еңбек етті. 2019 ж. мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.