Маңғыстау облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды

Маңғыстау облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды

Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы жол жабылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жол қауіпсіздігін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар «Сайөтес-Бейнеу», «Бейнеу-Атырау» және «Бейнеу-Тәжен» тасжолындағы қозғалыс уақытша тоқтатылды.

«Осыған байланысты көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді барынша сақ болуға шақырамыз» — деп ескертеді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.