Атыраудың екі тұрғыны 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған

Атыраудың екі тұрғыны 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған

Атырау қаласында екі жігіт «Нұрсая» шағын ауданында 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Полиция қызметкерлері тұрғын үйдің есігін бұзып кірген ұрылар 14 дана жылыту батареясын, 1 дана перфораторы мен 250 метрлік кабельді қол еткенін анықтады. Тәртіп сақшылары аталған ұрлыққа қатысы бар екі күдіктіні видеокамераның көмегімен бір күнде ұстады. Күдіктілер – Атырау қаласының 32 және 31 жастағы тұрғындары. Ұрылар жәбірленуші азаматқа 477 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған ұрлық дерегімен ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.