Тағы 13 адамнан пневмония анықталды

Тағы 13 адамнан пневмония анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 13 адам пневмонияға шалдыққандеп хабарлайды Qazaqpress.

«Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 13 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 195 адам емделіп шықты», – делінген ведомствоның хабарламасында.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 48983, 612 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 40765 жетті.