қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Димашты «қырғыз» дегендерге әкесі жауап берді

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Ақпан 6, 2021
Димашты «қырғыз» дегендерге әкесі жауап берді
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев Instagram парақшасында өз әулетінің Алатаудың бауырын мекендеген қырғыз ұлтына қатысы жоқ екенін жазды, деп хабарлайды Qazaqpress Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Тоқаев: Қарапайым азаматтардың ұлттық компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігі болуға тиіс

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

«Әжем Рахиманың руы Әлімнің ішіндегі — Жақайым, оның ішінде – Быламық. Ол кісі бойжетіп, Жақайым руының ішіндегі Талпақ, Қырғыз руының жиені Төлеубай деген кісіге тұрмысқа шығады. Екеуі бірнеше бала сүйеді. Сөйтіп жүргенде отызыншы жылдардың аласапыраны басталады. Аштықтың кезінде Төлеубай атамыз өліп, әжеміз бала-шағасын аштан өліп қалмас үшін уақытша балалар үйіне өткізіп, аласапыран заманда олардан көз жазып қалады. Ауылда аман қалған үлкендер ақылдаса отырып, сүйенер тірегінен, бала-шағасынан тірідей айырылған қам көңіл Рахима әжемді Әлімге сіңген қырғыз руының ішіндегі Барақ, оның ішіндегі Тілеубайдан тарайтын, жұбайы қайтыс болған менің атам Айтбайға қосады. Жан-жақтағы ағайын-туыстың сүйемелдеуімен екі жарты бір бүтін болып, түтін түтетеді. Көп ұзамай өмірге менің әкем келеді. Анадай жағдайлардан кейін дүниеге келген бала тіпті тәтті көрінеді ғой, екеуі де: «Бізге бұл баланы Құдай берді…» десе керек. Сөйтіп, екі шаңырақтың өшкен отын тұтатқан сәбиге Құдайберген деген есім беріледі», – дейді ол.

Қанат Айтбаевтың әкесі 7-8 жасқа келгенде тағы бір қуанышты жағдай болыпты. Әжесінің Төлеубайдан туған Аязбай деген ұлы аман табылады.

«Айтбай атам той жасап, бауырына басқан. Аязбай да мейірімді, елгезек бозбала екен, лезде атама бауыр басады. Менің әкем Құдайбергенді еркелетіп, ертіп жүреді екен. Бір күні Айтбай атам аттан құлап, мертігеді. Дерті әбден меңдеп, өмірден озар алдында ұлы Аязбайды шақырып алып: «Балам, естияр жігіт болып қалдың, менің уақытым таяған сияқты, інің Құдайберген өзіңе аманат, ешқашан бөлінбеңдер, саған сендім…» деп үзіліп жүре беріпті. Кейінірек анасы да өмірден озыпты», – деп атап өтті Айтбаев.

Оның айтуынша, атасы қайтқан кезде әкесі Құдайберген бар болғаны тоғыз жаста болған. Әке аманатына берік Аязбай атасы інісі Құдайбергенді жетелеп жүріп өсіріп, Барақтың Тілеубайынан, Жақайымның Талпағынан тарайтын барлық туыс, туғанның мейірімін бойына тең сіңіреді.

«Әкем Жақайым мен Барақтың ортақ баласы болып ер жетеді. Әскер қатарынан келген соң, ағасының ақ батасын алып әкем Алматы ауылшаруашылық институтына оқуға түседі. Оқып жүріп, Ақтөбенің Шалқар өңірінен келген, Әлімнің Шектісінен тарайтын Қабақтың қызы, менің анам Миуамен танысып, шаңырақ көтереді», – деп шежіре тарқатты Қанат Айтбаев.

Оның айтуынша, Құдайберген мен Миуадан үш бала өрбіген.

«Екеуінен үш бала өрбідік – мен, әпкем Гүлзира, қарындасым Нұргүл. Мен 1993 жылы институт бітіріп, Әлімнің Шектісінен, оның ішінде Назар руының Бәшенінен тарайтын Ермекқызы Светамен шаңырақ көтердім. Аллаға шүкір, қазір екі ұлымыз, бір қызымыз бар. Ата-анамызбен бірге бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Алатаудың бауырын мекендеген қырғыз ұлтына қатысымыз жоқ. Құдандалы, жекжатты болар кезде ғана айтылатын ру тармақтарын, өмір тарихын жариялы түрде баяндауға мәжбүр еткен «журналистерге» не дейін», – деп түйіндеді Қанат Айтбаев.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қарағанды облысында карантин жеңілдейді

Келесі жаңалық

Еліміздің 8 өңірінде жол жабылды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Тоқаев: Қарапайым азаматтардың ұлттық компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігі болуға тиіс
Басты

Тоқаев: Қарапайым азаматтардың ұлттық компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігі болуға тиіс

Маусым 28, 2022
Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Басты

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Маусым 27, 2022
Қазақстанда кейінгі тәулікте 20 адамнан коронавирус анықталды
Басты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

Маусым 24, 2022
Шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталды
Басты

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталды

Маусым 23, 2022
Петропавл әкімі отставкаға кетті
Басты

Петропавл әкімі отставкаға кетті

Маусым 22, 2022
Қазақстанда өткен тәулікте 8 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Басты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

Маусым 21, 2022
Келесі жаңалық
Алматы облысында «Қапал-Арасан» жолы жабылды

Еліміздің 8 өңірінде жол жабылды

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 3 мыңға жуық адам екпе алды

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 3 мыңға жуық адам екпе алды

Сәуір 10, 2021

How to Find Your Best Romanian Better half

Маусым 12, 2022
Қазақстан «сары» аймаққа кірді

Екі облыс «қызыл» аймаққа кірді

Қаңтар 17, 2021

Топ жаңалықтар

  • Әуежай экскурсия ұйымдастырды

    Әуежай экскурсия ұйымдастырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанның 12 өңірінде «Стелс-Омикрон» штамы анықталған

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда Pfizer вакцинасын 1 202 344 адам салдырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Уимблдон: күннің соңғы нәтижелері мен негізгі оқиғалары
  • Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады
  • Азамат Бейісбеков Еңбек министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.