Қарағанды облысында карантин жеңілдейді

Қарағанды облысында карантин жеңілдейді

Қарағанды облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, онда карантин бойынша жеңілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін Қарағанды облысының эпидемиологиялық жағдайы жақсарып, «сары» аймақтан «жасылға» ауысты.

Енді кафелер мен мейрамханалар жұмыс және демалыс күндері 07.00-ден түн ортасына дейін жұмыс істей алады. Отыратын орындар санын 30-дан 50-ге ұлғайтуға рұқсат берілді, алайда зал толымдығы 50 пайыздан аспауы керек.

Кинотеатрларда толымдық 20 пайыздан, адамдар саны 30-дан аспауы тиіс.

Театр, кітапхана және мұражайларға да талап сондай.