Ауыл мешіттерінде жұма намазға жиналуға рұқсат берілді

Ауыл мешіттерінде жұма намазға жиналуға рұқсат берілді

«Жасыл» аймақтарда орналасқан мешіттерге жұрттың жиналуына рұқсат етілді, деп хабарлайды Qazaqpress.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында осындай ереже жарияланды.

«Мешіттерде толымдыдығы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етілген. 150 адамға дейінгі, толымдылығы 25%-дан аспайтын мешіттерде, ауылды жерлерде ғана жұма намазына рұқсат беріледі», — делінген қаулыда.