Шымкент бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қаласында карантин режимі 8 ақпаннан 22 ақпанға дейін созылады.
— Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 8 ақпан сағат 00.00-ден 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын, — делінген қаулыда.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын іс-шаралар, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар, қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі. Тұрғындарға кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға және маска тағу ұсынылды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз