Маржан Әкімжанова Президент кеңесшісі болды

Маржан Әкімжанова Президент кеңесшісі болды

Маржан Әкімжанова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.

— Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Айта кетсек, Маржан Әкімжанова бұған дейін Президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарған.