қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Ақпан 3, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа деректі фильм көрсетіледі

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды

Тоқаев пен Жапаров Бішкекте Абай ескерткішін ашты

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Жиында Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қарулы күштерді қайта жарақтандыру мен қорғаныс өнеркәсібін дамыту жоспарлары қаралды.

Жиынды ашқан Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бүгінгі таңда басқа елдермен қатар Қазақстан да қауіпсіз ортаның сапалық өзгеру кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

– Біз біртұтас мемлекет және ұлт ретінде бетбұрыс кезеңіне келіп жеттік. Бұл өзгеріске коронавирус пандемиясы түрткі болды. Оның әсері алдағы онжылдыққа созылуы мүмкін. Қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздікке қатысты қалыптасқан сын-қатерлер трансформацияға ұшырап, ассиметриялық әрі гибридтік қатерлер туындап жатыр, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мен қазақстандық қоғамның қазіргі жағдайларға жауап бере алатын жаңа ұлттық қауіпсіздік архитектурасын жасау қажеттігін атап өтті.

– Экономикалық, технологиялық, әлеуметтік ахуал мен сыртқы жағдайлар қалай өзгерсе де, біздің ешқашан мызғымайтын ұлттық мүдделеріміз бар. Бұл – Қазақстанның егемендігі, аумақтық тұтастығы, бірлік, саяси тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқаты және әлеуметтік әділдік.  Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы осы құндылықтарды қорғауға, биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Тәуелсіздігімізді нығайтуға негізделген, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселені талқылау барысында Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ә.Исекешев жаңа Стратегияның негізгі бағыттарын таныстырды. Онда қамтылған шараларға тәуекелдерді басқарудың заманауи әдістері басшылыққа алынып, ұлттық қауіпсіздік теңгерімді әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамумен берік байланысқан.

Нұрсұлтан Назарбаев биологиялық қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен ұзақ уақытқа дейін түспейтініне назар аударды, себебі инфекциялық және басқа да аурулар жаһандық сын-қатерлерге айналды. Осыған орай Елбасы биологиялық қауіпсіздік пен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы басты қауіп-қатерлерге тойтарыс беру үшін тиімді шаралардың маңыздылығын атап көрсетті.

– Енді денсаулық сақтауға ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі компоненті ретінде қарау керек. Пандемия кезінде әлеуметтік-экономикалық тежелістер болады. Ол  – бірінші кезекте, халықтың табысының азаюы, өңірлердің, салалардың, қалалар мен ауылдардың арасындағы теңсіздіктердің өсуі. Бұл бағытта мақсатты түрде жұмыс істеу керек. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға кешенді қолдау көрсету  қажет, – деді Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық қауіпсіздікті, киберқауіпсіздікті, ақпараттық қауіпсіздік пен адами капиталдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

– Нағыз қауіп – минералды-шикізат ресурстары бағасының құлдырауы емес, ұлттың интеллектуалдық әлеуетінің төмендеу қаупі. Бұл, бірінші кезекте, білім беруге қатысты. Біз осы сала бойынша дамыған елдерден әлі артта келеміз. Білім мен ілім таяу онжылдықта біздің ұлттық идеямыз болуы керек, – деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар Елбасы ұлттық қауіпсіздіктің дәстүрлі түрлері – сыртқы және әскери қауіпсіздікке тоқталды. Мұндағы негізгі сын-қатерлер сыртқы күштердің өзара текетіресіне, Орталық Азия мен оның төңірегінде тұрақсыз аймақтардың құрылу мүмкіндігіне, террористік, радикалды, қылмыстық және басқа да іріткі салушы күштердің өңірде шоғырлануына байланысты.

Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының тұжырымдық ұстанымдарын мақұлдады.

Сондай-ақ, талқылау барысында Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін лайықты қамтамасыз етуге тиіс Қарулы күштерді дамыту мәселелері қаралды.

Елбасы жаңа технологиялар енгізуді және қару-жарақ пен әскери техника өндірісіндегі технологиялық прогресті есепке ала отырып, қарулы күштерді жетілдіру қажеттігіне де тоқталды.

– Қарулы күштерді 2030 жылға дейін қайта жарақтандыру және қорғаныс өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасы армияны жабдықтаудың ұзақ мерзімге арналған тәсілдерін айқындайды және жаңа технологиялық сын-қатерлерге сай келеді. Отандық қорғаныс өнеркәсібі – қорғаныс қабілетінің маңызды бөлігі, ол Қарулы күштердің сұранысына бағытталған, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен күштік құрылымдардың әскери дайындық деңгейін көтеруге, аумақтық қорғаныс күштерін нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Павлодарда антисептик ішкен қыздардың бірі көз жұмды

Келесі жаңалық

Бекшиннің вакцинациядан кейінгі жағдайы белгілі болды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды
Саясат

Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды

Мамыр 27, 2022
Тоқаев пен Жапаров Бішкекте Абай ескерткішін ашты
Басты

Тоқаев пен Жапаров Бішкекте Абай ескерткішін ашты

Мамыр 27, 2022
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Саясат

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Мамыр 26, 2022
«ӘЛЕУМЕТ» жобасын таныстыру және «Referendum: Halyq üni» әлеуметтік зерттеу жұмысының нәтижесі» атты конференция өтеді
Саясат

«ӘЛЕУМЕТ» жобасын таныстыру және «Referendum: Halyq üni» әлеуметтік зерттеу жұмысының нәтижесі» атты конференция өтеді

Мамыр 26, 2022
Мемлекет басшысы Binance криптобиржасының бас директорын қабылдады
Басты

Мемлекет басшысы Binance криптобиржасының бас директорын қабылдады

Мамыр 26, 2022
Тоқаевқа ҰҚК реформасы қалай жүргізіліп жатқаны баяндалды
Саясат

Тоқаевқа ҰҚК реформасы қалай жүргізіліп жатқаны баяндалды

Мамыр 25, 2022
Келесі жаңалық
Жандарбек Бекшин Алматының «қызыл» аймаққа кіру себебін түсіндірді

Бекшиннің вакцинациядан кейінгі жағдайы белгілі болды

Қазақстан «сары» аймаққа кірді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1280 адам жұқтырған

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда 1 ақпаннан бастап электр тарифі арзандайды

Алматыда 1 ақпаннан бастап электр тарифі арзандайды

Қаңтар 25, 2021
Ақтауда болған жарылыстың видеосы жарияланды

Ақтауда болған жарылыстың видеосы жарияланды

Қараша 8, 2021
Нұр-Сұлтанда жол ортасында билеген тұрғын ұсталды

Нұр-Сұлтанда жол ортасында билеген тұрғын ұсталды

Тамыз 13, 2021

Топ жаңалықтар

  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда салмағы 6 кг болатын батыр қыз дүниеге келді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда «Бірге даму үшін» атты балалар байқауы өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандағы утильсбор: 2022 жылы жеңіл автокөліктердің жағдайы қандай болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Мәдени алмасу

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Microsoft шағын және орта бизнеске арналған жаңа сервистері Microsoft Security Experts пен Defender for Business-ті қысқаша таныстырды
  • Қазақстанда 9,5 млн адам коронавирусқа қарсы екпе алды
  • eGov-те шетелдіктерге ЖСН беру тоқтатылды

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.