Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 3 ақпандағы күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 423,56 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

2 ақпан кешімен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,16 теңгеге төмендеген.

Kurs.kz дерегі бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 424,75 теңге, ал сатып алу — 423,22 теңге.

Нұр-Сұлтан ақша айырбастау орындарында америка валютасын орташа есеппен 423,89 теңгеден сатады, 422,83 теңгеден сатып алады.