Алматы- Бішкек тас жолында көлік баласын жетектеген ананы қағып, екеуін де мерт қылды

Алматы- Бішкек тас жолында көлік баласын жетектеген ананы қағып, екеуін де мерт қылды

Жас көлік жүргізуші Алматы-Бішкек тас жолында жаяу жүргіншілер өткелінде сегіз жасар баламен оның анасын қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 ақпан күні кешке болған.

«Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі, Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Сауыншы ауылының маңында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 52 жастағы әйел мен оның 8 жасар баласын қағып кетті. Екеуі де алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады полициядан.