Қосшыдан Қарағандыға шыққаннан іс-түссіз жоғалған жүкті әйел табылды

Қосшыдан Қарағандыға шыққаннан іс-түссіз жоғалған жүкті әйел табылды

Екі апта бұрын Ақмола облысындағы Қосшы кентінен шыққаннан кейін жоғалып кеткен 32 жастағы жүкті әйел Гүлнара Сәрсенова Қарағандыдан табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

— Әйелді Майқұдықта учаскелік полиция инспекторы тауып алды. Ол қызмет ететін аумақты аралау кезінде байқап танып қалады, содан кейін оны бөлімге жеткізді. Іздестіру туралы бастама жасаған адам хабарланды, — деді Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

32 жастағы әйелдің үйден кетуіне не себеп болғаны әлі белгісіз.